14.07.2015 в 17:14

Атырауда #Talks2050 форумында мұнайдан кейінгі өмір талқыланды

Атырауда «#Talks2050: мұнаймен қатар, мұнайдан бөлек, мұнайдан кейін» тақырыбында форум өтті. #Talks2050 – TED конференциясы форматындағы бейресми форум. Ұйымдастырушылар: «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы, ҚР мәдениет және спорт министрлігі. Биылғы алғашқы #Talks2050 форумы Атырау қаласында өтті.

[gallery link="file" ids="6200,6199,6198,6197,6196,6195,6194,6193,6192,6191"]

Атырау мұнай және газ институтының ректоры Әли Әбішев Қазақстанның ең басты байлығы мұнай да емес, адам капиталы екенін ұғынықты жеткізді.

Қазақстанның батыс өңірлерінің әлеуеті мұнай өндірісімен өлшенетіні белгілі. Алайда мұнай мен газ сарқылатын пайдалы қазбалар. Демек бұл шикізат қоры шектеулі екені анық. Егер қуат көзін пайдалануды тиімді іске асырса, өңір және тұтастай елдің өмір сапасының артуына оң ықпал етеді, дейді #Talks2050 спикері Нұржан Өтепбаев.

Бүгінде дамудың 20 жылдық тәжірибесі бар өңірлер дамуының көрсеткіші қандай деген сұраққа жауап беруге қауқарлы. Бұл дегеніңіз экономикалық ғана емес экология, мәдениет, өнер және саясат тұрғысындағы да даму. Ал, мұнай астанасы сагалған Атырауда мұнай өндірісінен тыс бизнесті қалай дамытуға болады? Әлде ол мүлде мүмкін емес пе? Күрделі сұрақ әрине. Өйткені, қазір ел экономикасы мұнайға тәуелді. Бұл үшін жаңғыртылатын энергия көздерін ашуға болады және ашу керек, дейді Асқар Секербаев, Жылыой аудандық кәсіпкерлер Одағының жетекшісі.

Спикерлер ретінде біз тек экономистер мен мұнайшыларды ғана емес, сонымен қатар, экологтар, ғалымдар, суретшілер, шағын және орта кәсіп және жергілікті атқарушы билік өкілдерін шақырдық. Олардың әрқайсысына мұнайлы өңірдегі өзінің жеке тәжірибесін қызықты форматта айтып беру міндеті жүктеліп отыр. Мәселен, кәсіпкерлер үшін бұл – мұнайлы экономикаға тәуелсіз жеке кәсібін дамыту, белсенді қала тұрғындары үшін бұл – жергілікті туризмді дамыту, экологтар үшін бұл - экологияның түйткілдерін төтесінен қою мінбері, - дейді «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының Кеңес төрағасы Данат Жұмин.

Форум аясында 10 спикердің әрқайсысы 15 минуттан сөз алды. Яки, шамамен 3 сағат аясында форум қатысушылары әр саланың кәнігі мамандарының аузынан экономика, инженерия, бизнес, экология, мәдениет саласы туралы көзқарастары мен болжамдарын тыңдады. Іс-шараға 200 ден астам адам қатысты.

Атыраудағы #Talks2050 форумы спикері Мұрат Ғабдусалимов, мұнайды бұрғылау саласындағы кеңесші бос уақытын садақ жасауға арнайтынын айтты. Сол арқылы өз халқының дүниетанымына, тарихына терең үңілемін. Өз қолымен жасаған әрбір садаққа белгілі бір қазақ руының атымен атаймын дейді ол.

Әсел Нұрғазиева, құқыққорғаушы, медиатор, «Азаматтық Құрылтай» қауымдастығының үйлестірушісі - өңір тұрғындарының экологиялық құқығын қорғай білуі туралы сөз алды.

Галина Чернова, «Глобус» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі мұнайдың теңізге тигізуінің залалы туралы тарихи деректерден мысал келтіріп, өткеннен сабақ ала білу керек екеніне баса назар аударды.

Алмас Құдайберген, мұнайқызмет көрсету компаниялары Одағының төрағасы еліміздегі мұнай өндіруші компаниялар қызметін мейлінше Қазақстан экономикасына жұмыс істетудің жолдары туралы әңгімеледі.

Биылғы жылы еліміздің әр қиырын «Қазақстан 2050» қозғалысы қолдауымен «Елім менің» автомотошеруін ұйымдастырған Олег Шмаль елімізде ішкі туризмді дамыту жайындағы өзіндік ойлары бар екен.

Шынар Ізтілеуова экологиялық түйткілдер туралы ақпараттың қолжетімдімсіздігі туралы жан-жақты айтып берді.