29.07.2015 в 10:26

Елбасы БҰҰ мінберінен сөйлейді

Мемлекет басышысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның 70-ші Бас Ассамблеясында сөз сөйлейді деп хабарлады РИА Новости агенттігі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшылығының өкілі Стефан Дюжаррик алдағы отырысқа барынша көп мемлекеттің басшыларын тартуды көздеп отырғанын мәлімдеді. Осы аптада БҰҰ қоғамдық ақпарат департаменті Бас Ассамблея отырысына қатысатын мемлекеттер басшыларының алдын ала тізімін жария етті. Президенттері қатысатын 90-ға жуық мемлекеттердің ішінде Қазақстан, Ресей, АҚШ, Бразилия, Украина, Йемен, Ливия, Палестина, Израиль, Нидерланды, Франция, Ауғанстан, Мысыр, Беларусь, Латвия және Сербия сияқты елдер бар.

Айта кетейік, Бас Ассамблея отырысы қыркүйектің 28-інен қазанның 3-іне дейін өтеді.