07.08.2015 в 11:18

Жас сарапшылар Жазғы мектепті тәмамдады

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында өткен I Жазғы мектеп жұмысы қорытындыланды. Жас сарапшыларға арналған шара аймақтық және ұлттық қауіпсіздік тақырыбына арналды.

Осы аралықта еліміздің өңірлерінен келген жастар отандық және шетелдік белді сарапшылармен интерактивті пікір сайыстарға қатысып, зияткерлік және логикалық ойындар ойнауға мүмкіндік алды. 


Алғаш болып ҚСЗИ директоры Ерлан Қарин дәріс оқыған болатын. Бұдан кейін Жазғы мектеп тәлімгерлері ҚР Қорғаныс ведомствосының вице-министрі Талғат Мұхтаровты, Президент әкімшілігі сыртқы саясат орталығының меңгерушісі Нұржан Қажиакпаровты, ҚР СІМ ақпарат және талдаудар комитетінің төрағасы Роман Василенконы, сондай-ақ, қазақстандық және шетелдік сарапшылар Досым Сәтпаев, Джейкоб Зенн, Ирина Звягельская, Марат Шибутов, профессор Чжао Хуашен және Тұңғыш Президент кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергеновтарды тыңдады.

 

Шара соңында ҚСЗИ директоры қатысушылар мен ұйымдастырушыларға арнайы сертификаттар тапсырды.