08.08.2015 в 17:21

Елбасы ОҚО-да жүр

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барды, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Еске сала кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысында облыстың бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметовты партия Төрағасының жаңа бірінші орынбасары етіп тағайындады. Мырзахметов Бауыржан Бәйбектің орнына келді. Асқар Мырзахметов облысты 2009 жылдан бері басқарып келеді.

Қазақстан Президенті «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің ынтымақты жұмысы арқасында оның сайлауалды тұғырнамасының 70 пайызы орындалғанын, басқа бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Ол Бауыржан Бәйбекке үлкен жұмыс атқарғаны үшін алғыс айтты.

Ол отырыста қаражатты барынша үнемдеу керек екендігін де еске салды.