27.08.2015 в 09:34

Бас партияның баспасөз қызметіне жаңа жетекші келеді

«Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметіне жаңа жетекші келеді. Сенімді дерек көздерінің хабарлауынша, ол орынға бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз-қызметін басқарған Жасұлан Әбдіхалық тағайындалмақ. 

Жасұлан Әбдіхалық 1980 жылдың 2-қаңтарында Жамбыл облысында дүниеге келген. Кәсіби журналист. Әр жылдары Ақмола, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қызмет еткен. Жасұлан Әбдіхалықтың тілші ретінде және мемлекеттік қызметте жинаған тәжірибесі партия жұмысын көрсетуге оң ықпалын тигізеді деп есептейміз. Әріптесіміздің жұмысына сәттілік тілейміз!