Мәжілістегі Үкімет сағатында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң жобасын таныстырған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.
Министрдің атап өтуінше, заң жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызметтің 3 түрі ұсынылады. Біріншісі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірілген көлемін ұсынатын базалық пакет. Екіншісі, қайтадан құрылатын медициналық сақтандыру қоры ұсынатын сақтандыру пакеті. Үшіншісі, ерікті сақтандыруға қатысқан азаматтар ала алатын қосымша пакет.
Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, міндетті ай сайынғы жарналар мен ҚР ДСӘДМ медициналық қызметтерді төлеу комитетінің базасында медициналық қызметтерді сатып алу топтастыру үшін коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылатын болады.
«Ерекеше санаттағы азаматтар үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7 пайызын құрайды. Мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы 4, 2018 жылы5, 2023 6, а 2024 жылдан 7 пайызға сатылай өсіріледі», - деді ол.
Министрдің айтуынша, жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5 пайызын құрайды. Аударым 2017 жылы 2, 2018 жылы 3, 2019 жылы 4, 2020 жылы 5 паыздан басталатын болады. Қызметкерлер жарнасының мөлшерлемесі кірістің 2 пайызын құрайтын болады. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі олардың кірісінің 7 пайызын құрайды. Ол 2017 жылы 2, 2018 жылы 3, 2019 жылы 5, 2020 жылдан 7 пайыз болады.