18.09.2015 в 14:38

Назарбаев Шимон Переспен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің бұрынғы президенті Шимон Переспен кездесу өткізді.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер талқыланды.

Тараптар сондай-ақ екіжақты экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейте түсудің негізгі аспектілері туралы сөз қозғады.

Мемлекет басшысы сапарлап келгені және елдеріміздің арасындағы достық пен сенімге негізделген қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Ш.Переске алғыс айтты.