19.05.2014 в 16:38

Астана Экономикалық Форумының мәслихаты өтеді

2014 ж. 17 мамыр, Астана, Қазақстан - KAZENERGY Қауымдастығы, «Самұрық-Энерго» АҚ және Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес (www.worldenergy.org) барлық БАҚ өкілдерін   2014 жылғы мамырдың 21-і мен 22-сі аралығында Тәуелсіздік Сарайында «Ауыспалы кезеңдегі энергетика: мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер» атты Әлемдік энергетика көшбасшылары саммитінің ашылуына орай 7-ші Астана Экономикалық Форумы шеңберінде өтетін баспасөз маслихатына қатысуға шақырады. Бұл - салалық халықаралық қоғамдастық үшін Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңестің ТМД кеңістігінде алғаш рет өткізілейін деп отырған негізгі оқиғаларының бірі.

Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес (ДЭК) – WorldEnergyCouncil(WEC) Ұлыбританияның іскерлік және энергетикалық ортасының және Еуропа мен Солтүстік Американың бірқатар өндірістік дамыған елдерінің бастамасы бойынша 1923 жылы құрылған ірі энергетикалық халықаралық үкіметтік емес ұйым болып табылады.

Алдағы саммиттің күн тәртібін талқылауға арналған баспасөз конференциясына IHS Cambridge Energy Research Associates (IHS CERA) директорлар кеңесінің басшысы, энергетика, халықаралық саясат және экономика саласындағы танымал беделді тұлға, Пулитцер сыйақысының лауреаты, «Өндіру: мұнай, ақша және билік жолындағы күрес тарихы» әлемдік бестселлерінің авторы - Дэниел Ергин, Ресей Федерациясының Энергетика министрінің орынбасары Юрий Сентюрин, Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес төрағасы Мари-Хосе Надо, KAZENERGY Қауымдастығы төрағасының орынбасары Жанболат Сәрсенов, ДЭК жанындағы Қазақстанның ұлттық комитетінің төрағасы - «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев те қатысады.

Қазақстанның елордасын диалог алаңы дәрежесінде таңдап алуға ДЭК Хатшылығы қолдау көрсеткенін, сонымен қатар ДЭК жанындағы Қазақстанның ұлттық комитетінің осы дүниежүзілік ұйым құрамында бес жыл бойы тиісті деңгейде белсенді іс-қимылдар жасауы әсер еткенін атап көрсеткен жөн.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері баспасөз конференциясына алдын ала аккредиттеу бойынша кіре алады.

Баспасөз конференциясының өткізілетін уақыты және орны:

Сағат 11:30 – 12:00, 2014 жылғы 21 мамыр.

Медиа Сити, Тәуелсіздік Сарайы, 2-қабат.

KAZENERGY қауымдастығының баспасөз қызметі

+7 7172 790181

Моб: 87759507713

baur81@kazenergy.com