14.10.2015 в 10:35

Қайырбекова көп күттірген жоқ

Салидат Қайырбекова «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды. Бұл туралы «Назарбаев Университетінің» баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

«2015 жылдың 13 қазанында Салидат Қайырбекова «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды», деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Бұған дейін хабарланғандай, 12 қазан күні Салидат Қайырбекова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылған болатын. Осыған дейін Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасы қызметін Нұржан Отарбаев атқарып келген еді.