12.11.2015 в 15:02

Мәсімов өз командасының қателесуіне тыйым салды

Бүгін Астанадағы «Қазақстан - жаңа жаһандық инновациялық хаб» Халықаралық инновациялық форумында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов  Үкімет мүшелеріне қателесуге тыйым салды.

Үкімет басшысы форум барысында баяндама жасаған сарапшылардың кейбір сөздері ұнағандығын айта келе: «Біз қазір ең жақсы кезеңде өмір сүріп жатқанымыз жайлы ойлап жүрген жоқпыз, алайда бір немесе екі жылдан кейін кезінде ең жақсы уақытта өмір сүргендігіміз туралы еске алармыз. Бізде өте елеулі мүмкіндіктер бар. Егер де осындай позитивтік ұмтылыспен ойлансақ, онда барлық жетістіктерге қолжеткіземіз. Екіншіден, маған барлық қажеттіліктер дағдарыс кезінде орын алады деген пікір ұнады. Қазіргі дағдарыс секілді жағдайды қарастыратын болсақ, онда ең жақсы жетістіктерге аяқ басумызға барлық мүмкіндіктеріміз бар», - деп тоқталды ҚР Премьер-Министрі.

 «Үшіншіден, «Кремний алқабын құрудың қажеті жоқ, ол елге өзі келеді» деген пікір айтылды. Яғни, біз тиісті жағдай жасайтын болсақ, Кремний алқабы секілді алаң елімізді қалыптасады. Әсет Өрентайұлы (ҚР ИДМ басшысы), Кремний алқабы бізге өзі келуі үшін барлық қажетті жағдайды жасауыңыз керек»,-деп тапсырды К. Мәсімов

Сонымен қатар Үкімет басшысы саладағы стартапқа қатысушылар мен бизнесмендерді тек алға ұмтылуға шақырды.

 «Осында бірінші қатарда министрлер отыр. Сіздер қателесуге жол бермеулеріңіз тиіс, себебі сіздердің жіберген қателеріңіз тым қымбатқа түсуі мүмкін. Сондықтан да қателесу туралы мүлдем ұмытыңыздар»,-деп қадап айтты ҚР Премьер-Министрі.