"Нұр Отан" партиясының жанындағы "Мирас" қоғамдық кеңесінің мүшелері мен зиялы қауым өкілдері облыстарға "жаңа жылдық шыршаларды құрып, безендіруді Тәуелсіздік күнін атап өткеннен кейін ғана қолға алса..." деген ұсыныс айтқан болатын.
Нақтылап айтқанда бұл «Нұр Отан»партиясының нақты тапсырмасы емес, ұсынысы, бастамасы. Қазірдің өзінде облыс әкімшіліктерінен бұл бастаманы қолдайтындарын айтып, нақты жауап беріліп жатқанға ұқсайды.
Әкімшіліктердің жауап хаттары көпшілікке ашық ұсынылатыны айтылуда. Алғаш болып Атырау облысы өзінің жауап хатын жолдаған екен. Сондай-ақ кеше Алматы облыстық «Нұр Отан» партиясының филиалының жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің де отырысы өтіп, осы мәселені талқылаған. Нәтижесінде қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан қолдады.