06.06.2014 в 09:53

Шыңжаңда лаңкес деп айып тағылған 12 адам өлім жазасына кесілді

 Шыңжаңда 81 адамға сот болып, олардың 12-сі өлім жазасына кесілді деп хабарлайды Синьхуа Агенттігі.

 « Шыңжанның 6 қаласы мен округтерінің соттары - алғашқы әділет инстанциясы ретінде 81 адамға қылмыстық іс бойынша жаза тағайындады, оларға - лаңкестік ұйымдармен байланыс, қасақана кісі өлтіру және өрт қою деген баптар бойынша айып тағылды», - делінген хабарламада.

 Биылғы мамыр айында Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданында 23 ұйым әшкереленген. Оларға лаңкестік әрекеттер жасады және діни экстремизмді уағыздады деген айып тағылған болатын.