Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика мәселелерін зерттеу институты, Ұлттық Интернет Ассоциациясы ұйымдастырған ІІІ Астана Интернет форумы болып өтті.
Биылғы форум тақырыбы – отандық ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздік мәселелеріне арналды. Атап айтқанда, ақпараттық қысым және дезинформация, әлеуметтік желілердегі діни-экстремисттік идеология, интернет желісіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әлеуметтік-саяси және техникалық аспектілері, тағы басқа да көкейтесті мәселелер көтерілді.
Шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi Берік Уәли, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының қоғам және БАҚ өкілдерімен байланыс жөніндегі кеңесшісі Еркін Байғабылұлы, «Ұлттық Интернет Ассоциациасының президенті Серікқазы Кәкібаланов, танымал блогер, сайт құрастырушысы Аршат Ораз, саясаттанушы Жарқын Түсіпбекұлы және IT саласының мамандары, танымал блогерлер қатысты.
Алдыңғы өткен І-ІІ Астана Интернет форумына елімізден және шетелден 200-ге жуық адам қатысқан. Онда көтерілген, талқыға салынған мәселелердің өзектілігі оны еліміздің қоғамдық өмірінде өзіндік орны бар басқосуға айналдырды.
Осыны кеңінен айтқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi Берік Уәли еліміздің кибер кеңістігінің қауіпсіздігі мен қазақ тілді сайттардың дамуы үшін мұндай шаралардың маңызды екендігін айрықша атады.
Айта кетейік, байқауға қатысу үшін 25 қарашаға дейін iforum.kz сайтындағы тіркелу формасын толтыру немесе Sanaq.kz сайтына тіркелу міндетті еді. Форумға «Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық қоры ресми қолдау білдірді.