13.01.2016 в 16:16

"Болашақтықтар" кезектен тыс сайлау туралы бастаманы қолдайды

«Мәжіліс депутаттарының өкілдіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы бастаманы «Болашақ» бағдарламасымен білім алған азаматтар қолдайды», – дейді «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті Ғани Нығметов.

«Парламентке жаңа адамдар керек, менің ойымша, осы экономиканы түсінетін, осы реформаларды қолдайтын және іске асыратын. Сол үшін уақытты жібермей, Парламенттік сайлауды өткізіп, Парламентімізді сайлап алып, осы 5 реформаны іске асыру үшін біз толығымен әлеумет болып, қоғам болып жасау керекпіз» деді ол.

khabar.kz