Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов өңірде туристік кластерді дамыту бағыты туралы баяндап берді.
«Бүгінде негізгі туристік сала тарихи бағыттарға негізделген, яғни Отырардың, Түркістанның орны ерекше. Осы орайда Қазақстанның және шетелдің туристері архелогиялық қазба жұмыстары жүргізілген жерлерге ерекше қызығушылық білдіруде. Бұл бағытта Сауранның да орны бөлек. Тек өткен жылы Түркістан 1 миллионнан астам туристі қабылдады»,-деді әкім.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Сарыағаш» курортын халықаралық деңгейге шығаруды тапсырғанына тоқталған ол, бұл бағытта қазіргі уақытта тиісті жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті.
Б. Атамқұлов облыстың бірегей табиғаты Төле би, Түлкібас, Қазығұрт аудандарында таулы демалыс орындарын дамыту үшін мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Жаздың жылы маусымының үзаққа созылуы, судың жылу болуы және ауаның тазалығы Шардара су қоймасы жағалауында туризмді дамытуға қолайлы болып отыр»,-деп тоқталды ол.
Мұнымен қоса, өңірдегі туризм саласын дамыту үшін «Ontustik tourism Center» Туристік ақпараттық орталығы» құрылды.