23.02.2016 в 17:27

"Нұр Отанның" сайлауалды штабы Семей қаласына барды

Бүгін электоралдық науқан аясында «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семей қаласына келді. Үгіт-насихат топ мүшелері арнайы сапары барысында Радиотехника және байланыс колледжінің ұжымымен, жергілікті шығармашылық интеллигенция және патриоттық ұйымдар өкілдерімен, ақсақалдармен және ардагерлермен, сондай-ақ «СЕМАЗ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Делегация құрамына Республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі, партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Майра Мұхамедқызы, «Қазақстанның мүгедектер конфедерациясы» РҚБ президенті Жаннат Омарбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің V-шақырылым депутаттары Нұртай Сәбильянов, Жанат Жарасов, «Халық Қаһарманы» атағының иегері Бақытжан Ертаев, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, Әлем чемпионы, Азия мен Еуропа чемпионы Дәулет Тұрлыханов және басқалары енді.

Радиотехника және байланыс колледжінің акт залында Республикалық штаб мүшелері студенттермен, колледждің оқытушылар құрамымен кездесті. Облыстың жетекші оқу орнының қабырғасында 75 жыл ішінде орта буынғы ондаған мың маман дайындалған. Колледж түлектері «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ сынды ірі кәсіпорындарда жұмыс атқарады және облыстағы ірі кәсіпорындарға басшылық жасайды.

«Мұны Қазақстандықтарға жасалған үлкен сый деп айтуға болады. Мен өз азаматтарына еш ақысыз мамандық беріп, білікті де білімді кәсіп иесі болып қалыптасуына жағдай жасап отырған әлемде бірде-бір елді көрген емеспін», - деді Колледждің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрлан Ұрынбаева.

Радиотехника және байланыс колледжінің химия және биология пәнінің мұғалімі Қарлығаш Сұлтанбекова елдің болашағы үшін бізге қарапайым жұмыс күші қажет дейді көпжылдық тәжірбиесі бар ұстаз.

2011 жылдан бастап колледждің оқу процесіне дуалдық оқыту элементтері енгізілуі білім беру сапасын арттырып, студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға, қажетті кәсіби машықтарды меңгеруге, жұмысқа орналасу мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Кәсіби білім берудегі дуалдық оқыту қазіргі таңда дүние жүзі бойынша кадр даярлаудың барынша кең тараған әрі мойындалған формасы екенін айта кету керек. Бұл жүйе оқу орнындағы теориялық оқыту мен кәсіпорындарда өндірістік тәжірибені ұштастыру арқылы жүргізіледі.

«Тегін кәсіби-техникалық білім берудің арқасында бізде бос жүрген жастар болмайды. Бұл өте дұрыс шешім. Біз Президентіміздің сарабдал саясатын қолдай отыра Нұр Отанға дауыс береміз», - дейді Радиотехника және байланыс колледжі директорының орынбасары Гүлназ Есембаева.

Сондай-ақ білім беру сапасын арттыру мәселесі Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде өткен аймақтың зиялы қауым өкілдерімен және ақсақалдарымен кездесуде де талқыланды.

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында білім берудің бәсекеге қабілетті, ең бастысы инновациялық тұрғыда ойлауға қабілетті азаматтарды дайындауға айрықша көңіл бөлінген. Десекте, алқалы жиын барысында биыл әлемдегі ең үлкен ядролық полигонның жабылғанына 25 жыл екенін және Қазақстан көшбасшысының тағылымы мол тарихи шешімі толық бір аймақты сақтап қалғандығы айтылды.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойғанына ширек ғасыр толды. Біздің көшбасшымыз әлі күнге дейін ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі жалғыз жетекші саналады. Президентіміздің бұл батыл қадамы сол жылдардың өзінде Қазақстанның сыртқы саясаты бейбітшілікке үндейтінін айқындады. Бұл қағида «Нұр Отан» партиясының жаңа сайлауалды бағдарламасының іргетасы болып табылады», - деді «Нұр Отан» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшесі Бекболат Тілеухан.

Семейдің Облыстық тарихи-өлкетану мүзейінің директоры Бекен Теміровтың айтуынша, қандай қаһарлы қару болмасын ол халыққа ешқашандай пайда әкелмейді. Десекте, көпшілігі сол кезде ядролық қарудан бас тартқан дұрыс па деген күмәнді ойда болған еді дейді. Елбасымыз ешкімге құлақ аспай өз шешімін шығарды. Себебі ол ең әуелі өз халқының тағдырына алаңдап мына бізді ойлады. Ширек ғасыр уақыт өтсе де, жарылған бомбаның жаңғыры әлі жұрттың есінен кете қоймаған.

«Мен әлі күнге дейін сол күндерді үреймен еске аламын. Ол біздің халыққа қаншама қайғы-қасірет әкелді. Біз оны ешқашан ұмытпаймыз және нәубет әкелген сынақтарды өткізуге жол бермей, осы бір жан-түршігерлік іске нүкте қойған Нұрсұлтан Әбішұлына алғысым шексіз»,- деген Семей қалалық еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы - Амантай Доғалақов Елбасына деген алғысын жасырмады.

Семей қаласының экономикасында орта және шағын бизнес үлкен орын алады. Бұл жерде азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары, сонымен қатар құрылыс, тау-кен өндірісі саласы мен машина жасау саласы өнеркәсіптері жұмыс істейді. Өңірде «Бизнестің жол картасы – 2020», индустриалды даму бағдарламасы және басқа да бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда. Семей қаласындағы автокөлік пен ауыл шаруашылық техникаларын шығаратын «СемАЗ» ЖШС осының жарқын мысалы болып табылады. 2006 жылы ашылған зауыт 1500 бірлік трактор мен 1200 жүк автокөлігін шығарады.

Зауыттың еңбек ұжымымен кездесуде сайлауалды штабтың мүшелері Елбасының индустриалды-инновациялық даму, экономиканы Қазақстанды әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосуға мүмкіндік беретін жаңа қағидаттарға көшіру жөніндегі бастамаларын жүзеге асыру бойынша алға қойған тапсырмалары туралы баяндады.

Сапар соңында штаб мүшелері Семейдің ардагерлер және патриоттық ұйымдарының белсенділерімен кездесті. Кездесу кезінде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бағдарламасына, жастарды патриоттық тәрбиелеу, көпұлтты қазақстандық қоғамды еліміздің гүлденуі мен игілігі үшін біріктіру мәселелеріне назар аударылды.

Зейнеткер, ҰОС ардагері Петр Коломин Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тарихында еліміздің үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. 90-жылдардың басындағы Қазақстан мен бүгінгі Қазақстан – халықтың тұрмыс-тіршілігі, экономиканың, мәдениеттің, білім берудің дамуы бойынша екі бөлек ел. Барша қазақстандықтар, әсіресе, жастар ел болашағы үшін белсене үлес қосуға тиіс. Яғни, алдағы сайлауға барып, «Нұр Отан» партиясына дауыс беруі керек.