19.02.2016 в 15:19

«Жаңа талаптар – жаңа реформалар» жастар конференциясы өтті

«Нұр Отан» партиясы АОФ мәжіліс залында Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы тұрғысынан «Жаңа талаптар – жаңа реформалар» тақырыбындағы жастар конференциясы өтті.

Шараны «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облытық филиалы мен Ақмола облысының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Оның басты мақсаты атаулы құжатпен танысқан жас қазақстандықтардың санын арттырып, әр түрлі санаттағы жастар арасында кездесу қатысушыларының көмегімен одан әрі үгіттеу, жаңа реформаларын бағытын тереңірек зерделеу.

Шараға өңірлік Жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшісі Ринат Галлямов, жастар ұйымдарының көшбасшылары, оқу орындарындағы жастар ісі комитеттерінің төрағалары, «Жас Отан» ЖҚ бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

Конференция барысында Мемлекет басшысының Жолдауына жастардың әр түрлі, әсіресе жастар саясатындағы көзқарастары ұсынылды.

Өз өзінде «Жас Отан» ЖҚ АОФ төрайымы Жанаргүл Жүнісова ҚР Президенті Жолдауының маңыздылығын айта кетті: «Бұл Жолдау – дағдарыс жолдарын шешу бойынша нақты алаң. Осының бәрінен бір-ақ шешім шығады: дағдарысқа қарамастан, еңбек ету. Ол үшін, әсіресе жастарға,  барлық жағдайлар жасалған».