16.02.2016 в 08:51

"Мәңгілік ел" пойызы жолға шықты

«Мәңгілік ел» пойызы отандастарымызға құқықтық және медициналық көмек көрсету мақсатымен Астанадан арнайы сапарға аттанды. Бұл ақпаратты Хабар агенттігі таратты.

Тоғыз вагоннан тұратын пойыз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында болып, кейін Ақмола өңірі арқылы батысқа бет алмақ.  Одан оңтүстік аймақтарда аялдайды. Ақтық бекеті 18 наурызда Алматы қаласында, жалпы пойыз 33 елді мекенде болады.  Бұл шара биыл атап өтілетін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Жолаушылар сапында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары, түрлі салалық министрлік өкілдері мен дәрігерлер, сондай-ақ өнер адамдары бар.

Руслан Барбасов, «Мәңгілік ел» арнайы пойызының басшысы:

-Соғыс ардагерлеріне, мүгедектерге, әр ауыл тұрғындарына қандай да бір консультация ретінде қызмет керек болса, соған қатысады. Үлкен-үлкен концерттік бағдарламамыз бар.

Тегтер: