Бүгін, 25 наурыз күні сағат 10:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына орай Парламент палаталарының бірлескен отырысы, ал бірлескен отырыстан кейін Мәжілістің жалпы отырысы өтеді деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.
«Қаулы етемін: Алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2016 жылғы 25 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Жарлық мәтінінде.