Павлодар облысының мәслихат депутаттары кезектен тыс сессияда аймақ әкімі ретінде Болат Бакауовтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Президент ұсынған 44 жастағы шенеунік бұған дейін Павлодар қаласының әкімі болған. Сондай-ақ ол бұған дейін Павлодар облысында Қашыр ауданын және Ақсу қаласын басқарған.
Болат Бакауовқа орнын босатқан Қанат Бозымбаев ҚР Энергетика министрі болып тағайындалды. KEGOG сияқты ірі компания басқарудағы және екі бірдей облыстың әкімі ретіндегі тәжірибесі Бозымбаевқа оң ықпалын тигізері анық.
Қанат Бозымбаев ҚР Энегетика министрлігінде Владимир школьникті алмастырды.