Алғашқы қарсылық дейміз бе, әйтеуір Еуразиялық комиссия отырысында Ресей Кедендік Одақ бойынша Украинадан импортты шектейтін құжатқа қол қоюға шақырғанымен, Қазақстан мен Беларусь резолюцияны қолдаудан бас тартыпты.
Ресейдің бұл ұсынысының астарында Украина президенті П. Порошенконың Еуропалық Одаққа экономикалық жағынан жақындай түсуі жатыр. Көрші елдің уәжі Украина арқылы Еуропаның сапасыз тауарлары бізге қарай ағылады-мыс...
Қазақстан мен Беларусь қарсылық білдіргеннен кейін Кедендік одақтың ережесіне сәйкес Ресей жалғыз әрекет ете бермек. РФ үкіметі аппараты «қарсылық білдірген Қазақстан мен Беларусь елін жақсы түсінеміз. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамына ену процесін бастан кешіп жатыр. Келіссөздер барысында Украина қарсылық білдіруі мүмкін. Ал Беларусь пен Украинаның ортақ шекарасы 600 шақырым. Оны жабу техникалық жағынан қиын, экономикалық тұрғыда тиімсіз» деген мәлімет таратыпты.