Петропавл әуежайының ұшу-қону жолағы мен жолаушылар терминалындағы жөндеу аяқталды

Рейтинг
14.12.2016, 14:30

1Қайта жаңғырту жұмыстары республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілді және оны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жүзеге асырды.

Қолданыстағы ұшу-қону жолағы жабыны қалыңдығы 10 см болатын асфальтбетонмен қапталды. Жолақ 2800 метрге дейін ұзартылды және 45 метрге кеңейтілді. Сонымен бірге, рульдеу жолағына және перронға қайта жаңғырту жұмыстары жасалып, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жарық сигнал қондырғысы орнатылды және жаңа апаттық құтқару станциясы салынды.

Енді осы жаңғырту жұмыстарынан кейін ұшу-қону жолағы жаңа заманға сай әуе кемелерінің барлық түрін шектеусіз қабылдай алады.

Әуежайда жаңғырту жұмыстарын жүргізудің басты мақсаты әуеайлақтағы әуе кемелеріне қауіпсіз қызмет көрсетуді арттыру. Сонымен бірге, қолданыстағы әуеайлақ элементтерінің параметрін ИКАО сыныптамасы бойынша халықаралық стандарттарға жеткізу болып табылады.

Аэровокзал кешенін қайта жаңғырту қазіргі заман талаптарына сай келеді және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырады.

Анықтама:

Қазіргі уақытта республикада 20 әуежай бар. Олардың ішінде 12 әуежай мемлекет меншігінде, ондағы 8 әуежай «Airport Management Group» ЖШС-ң сенімгерлік басқаруында, 6 – жеке меншікте, 2 әуежай – концессия.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге себепші болатын маңызды мәселенің бірі әуежайлардың инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Ол ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту және сапалы құрылыс жүргізу. 2014 жылы Тараз, Талдықорған қалалары әуежайларындағы ҰҚЖ қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. 2015 жылы Орал қаласындағы әуежайдың ҰҚЖ қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.  Тараз қаласындағы әуежайдың меншік иесі – «Скат» авиакомпаниясының қаражаты есебінен Тараз қаласындағы әуежайдың аэровокзалына қайта жаңғырту жұмыстары жасалды. Нысанды пайдалануға беру өткен жылдың қараша айында жүзеге асырылды, яғни Қазақ хандығының 550-жылдығын тойлаумен ұштастырылды. ГЧП механизмін пайдалану арқылы Қызылорда қаласындағы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын салу мақсатында облыс әкімдігінің меншігіне берілді. 

Сұхбат

PhotoRoom