Әуезов театрының музейінде қандай жәдігерлер сақталған – фото

Фоторепортаж
25.01.2023, 18:42

Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі 1958 жылы ашылған

Әуезов театрының музейінде қандай жәдігерлер сақталған – фото
Фото: Sputnik.kz / Тимур Батыршин

Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының музейі 1958 жылы ашылған. Содан бері тоқтамай жұмыс істеп келеді.

Театр жаңа ғимаратқа көшкеннен кейін оған арнайы орын бөлінген. Театр музейі 2013 жылы қайта жаңғырды.

Музейдің дизайнері – Мұрат Сапаров. 2013 жылы екі залды жаңғырту туралы шешім қабылданғаннан кейін арнайы комиссия құрылды.

Комиссия құрамына Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Есмұхан Обаев кірді. Сол кісілердің шешімі негізінде екі зал жаңартылды.

Содан кейін ауқымды жұмыс атқарылды. Музейдің жалпы аумағы – 500 шаршы метр. Музейді дайындауға төрт ай берілді. Музейдегі экспонаттарды орналастыру кезінде театрдың 80 жылдығына арнайы шыққан альбом басшылыққа алынған.

Музейде театрдың тарихы 4 кезеңге бөлініп көрсетілген. Қазір екі зал ішінде театрдың ғасырға жуық тарихы түгел қамтылған.

Музейде 200 мыңнан аса экспонат бар. Оның ішіне қордағы фотолар, актерлердің майлы бояумен салынған портреттері, афишалар да кіреді.

50-ге жуық сахналық киім жиналған.

Оның арасында 1930 жылдары сахнада қолданылған 4 шапан құнды саналады.

Фото авторы: Sputnik Қазақстан / Тимур Батыршин.

Сұхбат

PhotoRoom