РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТАМЫРЫ ТЕРЕҢНЕН АЛЫНАДЫ

Рейтинг
21.09.2018, 00:57

Өлкенің өткенін білу – рухани тәрбиенің жаңғыруы. Осыған байланысты аймақта үлкен іс-шаралар жүргізілуде. Облыс орталығында «Қасиетті Қазақстан: Тараз тарихымыздың айнасы» атты ғылыми тәжірбиелік конференция  өтті. Ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен өткен жиынға зиялы қауым,  ғалымдар, тарихшылар, педагогтар мен мәдениет қызметкерлері қатысты.

 

Шараны ашып, жүргізген Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли:  – Жамбыл облысының өзінде үш мыңнан астам тарихи мәдени орындардың бар екені өздеріңізге белгілі. Ал, ашылмаған құпиялары қаншама. Жалпы, өңірде ежелгі және орта ғасырдағы адам сүйсінерлік керемет тарихи ескерткіштер сол күйі сақталып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Солардың ішінде көпке етене таныс Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан кесенелерін айтуға болады. Бұл ретте, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Қазақстанның киелі жерлері» картасына өңірден 8 тарихи орынның енгізіліп отырғаны үлкен маңызға ие, – деді.

 

«Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» бағдарламасының шеңберінде жергілікті тарих және аймақтың тарихи мұраларын зерделеген ғалымдар мен қоғам белсенділері өзара  тәжірибе алмасты.

Тарихи тамыры терең Тараз шаһары ежелгі дәуірден бастап қолөнер және сауда орталығы болды. Қазақстанның қасиетті  100 мекеніне Жамбыл облысының  8 мәдени және тарихи нысаны кірді. Ағымдағы  жылдың қараша айында «Әулиеата қасиетті мекендерінің географиясы» кітаб-альбомын шығару жоспарланып, археологиялық тарихи өлкелердің сипаттамасын қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде шығару жоспарланды. Конференция қатысушыларының ойынша  халық арасында тарихымызға қатысты  насихат жұмыстарын жүргізу керектігі айтылды.

 

 

«ҚАСИЕТТІ  ҚАЗАҚСТАН» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берик Әбдіғалиевтің айтуынша,  облыс аумағындағы біршама қасиетті нысандар анықталған. Бұл жерлерді әлі талай көптеп аралау керек. Биыл осы өлкелер өлкетану оқулықтарында бейнеленетін көрінеді. Ол: «Бірінші кезде біз бағдарлама бойынша қасиетті жерлерді анықтауға байланысты жұмыс жасадық. Ол жөнінде сала мамандары, тарихшы ғалымдар арасында үлкен пікірталас болды. Ал, бүгінде біз, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының екінші кезеңіне жетіп отырмыз. Бұл кезеңдегі ең басты мақсат – киелі жерлердің маңызын, құндылығын халыққа кеңінен жеткізу, ұрпаққа насихаттау. Рухани жаңғыратын ең бірінші – адам. Яғни, оның басты нысанасы да сол. Сол киелі жерлер арқылы, олардың тарихымен танысып, түгендеп, танымын толықтырып, рухын оятады. Біздің негізгі жұмысымыз да осы бағытта болуы қажет. Бүгінде халыққа, ұрпаққа әсер ететін, рух беретін ескерткіштер жайлы ақпарат жинау, насихаттау, кітаптарын шығару, экспедиция ұйымдастыру аса маңызды. Тарихи ескерткіштердің әрқайсысы белгілі бір құндылықтарды насихаттайды. Бағдарламада негізгі басымдық осындай рухани құндылықтарға берілген. Тарихи жәдігерлер арқылы дәстүрімізді, күнделікті ұмытылып бара жатқан батырлық рухты, үлкенге, жерге, елге, тарихқа деген құрметті жаңғыртамыз. Киелі жерлер картасын әзірлеудегі негізгі ұстаным – осы. Оның өзектілігі өте үлкен. Осыны ескере келе, Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырып отыр. Яғни, енді мәдениетіміз бен әдебиетімізге ұрпақтың қызығушылығын оятуымыз қажет» деп мәлімдеді.

 

Конференцияға қатысушылардың айтуынша, осындай іс-шаралар арқылы  жастарды рухани және ұлттық салт-дәстүрді танытуға болады. Белгіленген түрлі жобаларды іске асыру үшін, жүйелі  жоспарлар әзірленуде.

Д.Н. Л.Гумилев атындағы ЕУРАЗИЯ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ профессоры Айман ДОСЫМБАЕВА  Тараз мемлекеттік университетінде «Әулиеатаның қасиетті көрінісі» деген жоба бар. Осыған қатысты менің жетекшілігіммен жүргізілген экспедицияның нәтижесінде Әулиеатаның барлық аймақтарын араладық. Олар: Қаратау, Жуалы, Талас,Сарысу,  сонымен қатар,Шу ,Меркі, Тұрар Рысқұлбеков ауылдарында ұзақ зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Барлық кедергілерден өтіп, ескерткіштерді ашып, оларды зерттедік- дейді.

 

Жиын соңында ғылыми-практикалық конференцияда қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері  «Алаш» ұлттық автономиясының 100 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom