ОБЛЫСТА ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ГАЗДЫ ҮЙГЕ КІРГІЗУ БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕТІЛГЕН

Жамбыл облысы
08.11.2018, 19:07

50/50 схемасы бойынша облыстық және аудандық бюджеттен 4 ауданда 14 жоба іске асырылып, оған 500 шақырым автожолдар мен көшелер салынып, күрделі, орташа  жөндеуден өткен. Бұл туралы бүгін журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

–«Жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесін 80%-ға жеткізуді межелеп отырмыз. Бүгінгі күнге автомобиль жолдарын түгендеу жұмыстары жүргізіліп, заңға сәйкестендірілуде. Басымдылығына қарай жолдар айқындалып, жүйелі жұмыс атқару үшін межелер бекітілді. 2019 жылға республикалық және облыстық бюджеттерден 50/50 схемасы бойынша қаржыландыру үшін 11 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Осылайша, 2022 жылға қарай жағдайы жақсы жергілікті жолдар үлесін 90%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Асқар Мырзахметов.

Сонымен қатар Жамбыл облысында 373 ауылдық елді мекеннің 189-ы орталықтандырылған, 184-і басқа су көздерімен қамтылып отыр.

-«Қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтуды жыл соңына дейін 88%-ға жеткізуді көздеп отырмыз. Осы орайда Тараз қаласында бірқатар жобалар іске асырылуда. Қаратау қаласында 138 көпқабатты тұрғын үйлер мен 56 әлеуметтік нысандарға су кестемен берілуде. Жыл аяғына дейін су тәулік бойы берілетін болады. Орталықтандырылған су құбыры жоқ 184 ауылдың 50-інде халықтың саны өте аз. Экономикалық тұрғыдан тиімсіз болғаннан кейін бұл мәселені су тарату пункттері арқылы шешуді көздеп отырмыз. Қалған 134 ауылды 2019-2022 жылдары ауыз сумен қамту жоспарланып отыр», - деді облыс әкімі.

Өңірде су мәселесімен қатар жүретін газ тарту ісі де жоспарлы түрде қолға алынып, мейлінше қарқынмен шешіліп жатыр. Жамбыл облысында газды үйге кіргізу құны қымбат болуына байланысты 88 мың адамның бұл қызметті пайдалана алмай отырғаны белгілі. Мұның себебі – қымбат тариф.

-«Бұл мәселені топтастырылған су құбырларының тарифі жоғары болған кезде республикалық бюджет есебінен субсидиялау мүмкіндігі арқылы шешетін боламыз. Субсидия алу үшін құжаттар әзірленіп жатыр. Тарифті көтермеу мәселесін шешу үшін облыста «бірыңғай оператор» құрғалы отырмыз», - деді Асқар Мырзахметов.

Бұған дейін, облыс әкімі тұрғындар үшін газды үйге кіргізу бағасы төмендетілгенін жеткізген болатын.

Сұхбат

PhotoRoom