Шымкентте 1746 азамат электронды порталмен ҚИК АҚ арқылы берілетін үйлерге өтінім тастаған

Түркістан облысы
15.07.2016, 14:57

13729169_1012209782228694_2918093697771925808_nБұл туралы бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық тұрғын үй қатынастары бөлім басшысының орынбасары Г.Әшірбаева мәлім етті.

Оның айтуынша, 2016 жылдың 4 тоқсанында «Асар» шағын ауданынан берілетін 900 пәтерлі 15 тұрғын үйге кезекке тұру мақсатында «E-gov» порталы арқылы 11 шілдеден бүгінгі күнге дейін 1746 азаматтан өтінім келіп түскен. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер саны 1473 болса, 273-і көпбалалы, толық емес отбасылар және мүгедек бала асыраушы отбасылар.

Баспасөз мәслихатына қатысқан «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директорының орынбасары Е.Әлсейтов әрбір қатысушы өтініштер мен құжаттарды тапсыру үшін Электронды Цифрлық Қолтаңба (ЭЦҚ) кілті арқылы электронды порталға тіркеліп жатқандығын айтты. Және халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары тарапынан электронды тапсыру бойынша кеңестер беріліп жатқанын жеткізді. Бүгінде ХҚКО-ғы «E-gov» пункттерінде электронды порталға тіркелу мен тапсыру бойынша 5 мыңға жуық азаматқа кеңестер беріліп, оқу оқытқан.

Брифингті қорытындылаған облыс әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Е.Өтебаев жалпы бүгінде халыққа қолайлы жағдай жасап, кезекте тұрмай ақ, үйде отырып электронды портал арқылы қажетті құжаттары мен өтінімдерін тастау арқылы тиісті деңгейде жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол «E-gov» порталы тәулік бойы жұмыс істеп, өтініштерді қабылдайтынын хабарлады.

Айта кетейік, 2016 жылдың 11-22 шілдесі аралығында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» бағыты бойынша Асар шағынауданында соғылған үйлерден тапсырылатын 900 пәтерге өтініш қабылданатындығы хабарланған болатын.

Сұхбат

PhotoRoom