Мандат иесі электоратпен жүздесті

Рейтинг
22.07.2014, 09:58

 

Мәжіліс депутаты Құттықожа Идирисов кеше Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында сайлаушылармен кездесті деп хабарлайды Парламент Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі.

Депутат алдымен «Талдысу» лагерінде демалып жатқан оқушылармен кездесіп, лагердің демалыс, оқу бөлімдерін аралап, танысты.

«Тату Агро» және «Көбелдес» шаруа қожалықтарында болып, халықтың ұсыныс, пікірлерін тыңдады.

Мекеме қызметкері А.Абдуллаев сөз алып, 2014 жылдың сәуір-мамыр айларында Бесарық су қоймасында төтенше жағдайлар орын алғандығын айтып, су қоймасына арматура салып 35-40 м бетон құйылса және осы төтенше жағдайдың әсерінен Бесарық Кеңес елді мекендері аралығындағы қатынас жолының бұзылуына байланысты сыйымдылығы 25 м3 труба қойылып, күрделі жөндеу жүргізілсе деген ұсынысын айтты.

Лагерь басшысы Ү.Абибуллаев қызметкерлердің айлық жалақыларының төмен екендігін, аудан орталығына көлік қатынасының тоқтап қалғандығын және мамыр айында болған қатты желдің әсерінен мекеме корпустарының шатыры ұшып кеткендігін, осы жұмыстарды қалпына келтіруге атқарылған жұмыстар барысында болған желдің қанша жылдамдықта болғандығын анықтайтын құжатты алу өте қиынға соққандығын айтып, ауылға ауа райын болжайтын құрал орнату керек екендігін ескертті.

«Тату Агро» шаруа қожалығының сенімді басшысы Ә.Асқаров егіс егуге судың тапшылығын айтып, сквожина қаздырылса деген ұсыныс айтты.

Мәжіліс депутаты «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алып, жұмыс жасап жатқан «Көбелдес» шаруа қожалығының төрағасы Н.Молдашовтың шаруашылығын аралап көріп жүргізіліп жатқан жұмыстарына ризашылығын білдірді.

Халықтан түскен ұсыныстар мен пікірлер қаралып талқыланатындығы және қанағаттандырылуға жұмыстар жасалатындығын мәлімдеді.

Шалхия кенті тұрғындарымен болған арнайы кездесуде ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты жаңадан салынып жатқан №164 мектеп құрылысын көріп, жұмысшылармен жүздесті. Өз сөзінде мәжіліс депутаты биылғы Елбасы Жолдауына қысқаша тоқталып өтті. Атап айтқанда, бұл жолғы Жолдау жаңа саяси бағытқа ие екенін, біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз екендігін айтты. Алдағы уақытта Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына болуға тиіс екендігімізді жеткізді.

Қойылған сұрақтарға мәжіліс депутаты Қ.Идирисов жауап беріп, несие беру барысындағы әрекеттердің заңсыз екендігін, әсіресе жол мәселесіне байланысты мүмкіндігінше шешуге көмектесетінін айтты.

 

Сұхбат

PhotoRoom