Дәулет Әшімхан, дінтанушы: "Ұлтаралық қатынастан дінаралық қақтығысқа қадам баспайық..."

Рейтинг
08.08.2014, 14:56

Жалпы Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері Мемлекет басшысы ұлтаралық келісімге үлкен көңіл бөліп, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнады. Сыртқы саясатта біздің ел Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізу арқылы бүкіл әлемге дінаралық сұхбаттың үлгісін көрсете білді. Енді тек өзіміздің елдің ішінде сенімаралық келісімнің болмай тұрғаны ешкімге жасырын емес және бұл алауыздық бұдан әрі жалғаса берсе, болашақта үлкен қауіптің көзі болатыны қазірдің өзінде айдан анық.

Бүгінгі күні халықаралық қауымдастықтың басты бас ауруына айналып отырған Ирак жерінде ИШИМ мемлекетінің құрылуы кейбір жастарымызды қуантып отырғаны да белгілі. Онымен қоймай біздің елде де тура сондай мемлекет құруға кейбір азаматтарымыз дайын. Көптеген жастарымыз әр сенімнің жетегін ұстағаны соншалықты, ойлағандары «о дүние» мен «жәннәттің» қамы ғана. Адам бұл дүниенің ризық несібесіне мастанбай-ақ қойсын, бірақ Жаратқан бізді адам етіп жаратқаннан кейін ұлт пен руға бөлгеннен соң пешенемізге жазылған жерімізді, тілімізді, дәстүрімізді жан сала қорғау әр азаматтың парызы. Міне, кейінгі жылдары қалыптасқан көптеген келеңсіздіктерді жойып, ретке келтіріп келе жатқан Дін істері агенттігі соңғы күндері таратылып, Мәдениет және спорт министрлігіне қосылып кетті. Менің ойымша, дәл осы Дін істері агенттігінің қалуы және өз қызметін атқара беруі керек еді. Бұл уақыт талабы. Дегенмен екі-үш жылдың көлемінде Дін істері агенттігінің қайта құрылатынына сенімдімін.

Сұхбат

PhotoRoom