Ай толмай халқының санын "миллион" қылған әкім жыл толмай бюджетін триллионға жеткізді

Рейтинг
06.12.2016, 15:06

%d0%b8%d1%81%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%88%d0%b5%d0%b2Астана бюджетіне алғаш рет триллион теңгеден астам қаржы жиналды. Бұл туралы Астана қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Астаналық Мемлекеттік кіріс департаменті ең үлкен міндетті орындады - бюджетке миллионан аса теңге жинады.  Бұл Мемлекеттік кіріс департаменттің үш қызметінің (кедендік, салықтық және экономикалық тергеу) реті жұмысының арқасында мүмкін болды", - дейді МКД басшысының міндетін атқарушы Алмат Иманғожин.

Сонымен қатар, ведомствода көлеңкелі экономикаға қарсы мақсатты жұмыс жүргізіліп жатқанын айтылды.

"EXPO-2017 қарсаңында Департамент көлеңкелі ақша айналымын қысқартуға бағытталған көлемді бақылау-алдын алу шараларын өткізіп жатыр. Астанадағы барлық аудандық салық қызметін көрсететін орталықтар жетілдірілді, Қазақстанда алғаш рет кедендік құжаттамасы бар көліктік-логистикалық орталық ашылды, бұл тұрғындар мен бизнеске мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырып, айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік берді", - делінген таратылған хабарламада.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom