Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Рейтинг
05.09.2014, 13:01

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.  

Депутаттар қарауына еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны ратификациялайтын заң жобасы енгізіледі(187-конвенция).

Сондай-ақ халық қалаулылары бірқатар заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін белгілемек. Ол ең алдымен, «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» қаржылық құжаттарға қатысты болмақ.

Сонымен қатар, үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы, кедендік әкімшілендіру, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі айқындалады.

Жаңа Заң жобалары қатарында ілеспелі түзетулермен «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» құжаттар бар.

Күн тәртібі жобасында «ТМД шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді» және «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының жарғысын ратификациялау» сынды қорытынды әзірлеу мерзімін анықтауды қажет ететін ратификациялық актілер қамтылған, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметінен.

Сұхбат

PhotoRoom