Ислам мемлекетімен күресте әріптестік қажет

Рейтинг
14.10.2014, 13:35

Соңғы уақытта «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының мүшелері арасында Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан және Әзірбайжан азаматтарының саны артып жатқаны жайлы жиі айтылып жүр. Бұл туралы «Ислам мемлекеті: ТМД елдері үшін қауіпсіздік қатерлері» атты тақырыпта өткен Баку – Мәскеу – Астана бейнекөпірінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов мәлімдеген екен.

BNews.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, депутат Қазақстан, Әзірбайжан және Ресей елдерінің құқық қорғау органдары алда төніп тұрған қауіп жайында мықтап ойланулары тиіс дегенді айтқан.

«Бүгінде бұл қатер интернационалдық сипат алды, сондықтан онымен күресу үшін бірлесіп топ құру қажет. Аталмыш лаңкестік ұйымның көшбасшылары қазірдің өзінде Ресей, Кавказ және Қазақстанның батыс бөлігіндегі мұнай кен орындарына қауіп төндіруде. Бұл дабыл қағып, бірлесіп әрекет ету қажеттігін білдіредідеді Т. Өмірзақов.

 

Сұхбат

PhotoRoom