https://www.youtube.com/watch?v=WjIXCIMMzYQ
Шымкенттің жаңа әкімі қызметіне Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды
Шымкент қаласының жаңа әкімі болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды. Бұл қызметте ол Нұрлан Сауранбаевты алмастырды.
Мегаполистің жаңа әкімін қалалық активке Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев таныстырды. Олар Ғабидолла Әбдірахымовқа сәттілік пен ауқымды жобалардың жүзеге асырылуын тіледі.
Айта кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов бұған дейін Шымкентті облыс орталығы кезінде басқарған болатын. Қала әкімі қызметіне 40 жасында тағайындалған. Оған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды. Шымкенттің әкімдігінен кейін "Нұр Отан" партиясының хатшысы қызметін атқарды.
Өз кезегінде Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Нұрлан Сауранбаевқа Шымкенттің әкімі қызметінде атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.