ӨҢІРДЕ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНУДА

Жамбыл облысы
12.10.2018, 13:38

Бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысы Асқар Мырзаxметовтың төрағалығымен “7-20-25” мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде жиналыс өтті.

Жуықта ғана мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 5-ші қазандағы Қазақстан халқына жолдауы жарияланда, ол Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру тақырыбын қамтығаны белгілі.  Елбасы бұл жолдауында да тұрғын үйге қатысты тағы да бір пысықтап өтті: «Бүгінде біз тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасын табысты іске асырудамыз. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынды. Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырамын. Мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру біліктілігі жоғары педагогтер, медицина қызметкерлері, полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қол жетімділігін арттырады. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет. Бұл шаралар 250 мыңнан астам отбасы үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызға қолдау көрсетеді» деп мәлімдеді.

Қазіргі таңда облыста 23258 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде Ұлы Отан соғыс ардагері – 4, жетім және қамқорлықсыз қалған балалар – 2737, xалықтың әлеуметтік осал тобы – 13170, бюджеттік сала қызметкерлері – 7345, үйі апатты деп танылған – 2 адам. Бұл көрсеткіш жыл басында 21683 адамды құраса, осы уақытқа дейін 1372 адам тағы кезекке тіркелген. Яғни кезекке тұрғандардың өсім динамакасы қарқынды.

Кезекке тұрғандарды тұрғын үймен қамту – маңызды мәселе десек, ағымдағы жылы 953 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Ал 2019 жылы – 1380, 2020 жылы – 1600 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлер салынуы көзделуде.

Бүгінгі мәліметке сүйенсек пайдалануға беруге 606 пәтер дайын. Оның 114-і Арай массив шағын ауданында тиесілі. Асқар Исабекұлы бұл үйлерді “7-20-25” бағдарламасы арқылы пайдалануға беру керектігін алдыға тартты. Бұл бағытта өтініш берушілердің алғашқы 20 пайызының 10 пайызын төлеп беруге жергілікті бюджеттен 400 миллиондай қаржы қарастыру көзделуде. Бұл қаржы пайызсыз бөліп төлеу жүйесімен үлестірілмек. Ол үшін арнайы тізім жасалынатын болады. Бұл тұрғыдағы жұмыстар қазір пысықталу үстінде.

Өңір басшысы арендалық кезекте тұрғандарды кредиттік бағыт бойынша пәтер алуға ыңғайлау, ол үшін талдау-сараптау жұмыстарын атқару керектігін ескертті. Асқар Исабекұлы облыс экономикасын арттыру үшін тұрғын үй құрылысының қарқынын бесеңдетпеудің маңыздылығын баса айтып, жауапты тұлғаларға аталмыш бағдарлама аясында баспана бақытына ие болушылардың санын арттыру жолында нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

 

 

 

Сұхбат

PhotoRoom