ЖАМБЫЛДА ЖУЫҚТА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ КЕҢЕЙМЕК

Жамбыл облысы
18.10.2018, 12:02

 

 

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов индустриялық аймақтардың шеңберін кеңейту мәселесін көтеріп  жиын өткізді. Мақсат — жас кәсіпкерлердің  аяқ алды істеріне ықпал етіп, жоспарлы жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдай жарату. Яғни,  Жамбыл облысында  индустриалды аймақ құру арқылы отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қосымша қолайлы жағдайлар жасалмақ. Ол үшін жергілікті билік индустриалды аймақты толық пайдалану үшін инвестиция тартудың жан-жақты мүмкіндіктерін қарастыруда. Өңір басшысы жауапты мамандарға бағыт бағдар көрсетіп, жұмыстарын саты-саты бойынша айтып, қадап міндеттеді.

 

 

Бүгінде кезек күттірмейтін мәселе – алдымен индустриялды аймақты анықтау болып тұр. Өйткені күн сайын саны артып жатқан жас кәсіпкерлерге қолайлы орын қажет. Бүгінде, Жамбыл облысында индустриалды аймаққа жоспарланған жер көлемі 40 гектар.  Қазір индустриалды аймақта әзірге екі компания өз кәсібін жүргізуге ниет танытып отыр.  Олардың бірі «Достық» ЖШС.  Серіктестікке тиесілі «Темір құю өндірісіне» қазірде  60-қа жуық жер қажеттілігі туындап отыр.  Ал, олардың әр қайсысы  1,5 гектарды құрауда.

Бүгінде өңірімізде  2 мыңға жуық кәсіпкерлер бар. Ал олардың барлығы дерлігі белсенділік танытпаса да басым бөлігі өз кәсіптерін кеңейтіп жерлерін ұлғайтуды көздеп жүр. Келесі жылы бұл аумаққа қажетті инфрақұрылым жұмысын жүргізу көзделген.  Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының мәліметінше, облыс аумағында коммуналдық меншіктегі 46 бос тұрған ғимарат бар көрінеді.   Алайда көзделіп тұрған орындарға  толықтай жөндеу жұмыстары қажет болып тұр. Ал, оларды қалпына келтіруге нақты жоспар жасалып, жұмысқа кіріссе, өңірлік бюджеттен қаржы да қарастырылуы мүмкін.

Мамандар өңірдегі бос ғимараттарға сұраныстың жоқтығын айтады. Кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық танытып отырғандары кемде-кем. Асқар Мырзахметов, бұл мәселені жан-жақты ойластырып, бос нысандарды басқа да бизнес мақсаттарға беру жағын ойластыру қажеттігін айтты. Тараз қаласындағы 22 мың кәсіпкерлік нысандарының кем дегенде отыз пайызы мұны білгені жөн, деді әкім.  Бұл ретте мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының мүмкіндіктерін барынша пайдалану ұсынылды.

 

Сұхбат

PhotoRoom