ЗАҢСЫЗ ЖЕР ҚАЗҒАНДАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Жамбыл облысы
25.10.2018, 16:31

 

Жамбыл облысында жер қойнауын тиімді пайдалану, оны заңсыз иемденіп отырған азаматтармен күрес жүргізу, бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда. Осыған орай облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында өңірдегі жер мәселесіне қатысты жағдайлар жан-жақты қаралды.

Облыс аумағында бүгінде жер пайдаланушы 140 мекеме келісімшарт бойынша жұмыс істеп жатыр. Олармен жаңа тәртіп бойынша жұмыс істеу тетігін ойластыруды жыл басында өңір басшысы Асқар Мырзахметов ұсынған болатын. Нәтижесінде, осыған сәйкес бірқатар жұмыстардың жүргізілгендігі жөнінде ақрапат берілді. Атап айтқанда, өңірдің әлеуметтік саласына және инфрақұрылымына арналған төлемдер өндіруге жұмсалатын шығындар 1 пайыздан 3-5 пайызға, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың салдарын жоюға арналған төлем 0, 2 пайыздан 2-3 пайызға, Қазақстандық кадрларды оқытуға арналған төлемдер 1 пайыздан 2-3 пайызға артатын болды. Ал, келісімшарттың қолданылу мерзімі 25 жылдан ары кетсе 5-10 жылға дейін қысқармақшы.

 

 

Сондай-ақ, жаңа келісімшарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылау жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіліп жатқан объектілерге бару арқылы анықталады. Яғни, бұрнғыдай жер пайдаланушы білгенін істей алмайды. Алайда, жаңа келісімшарттың өзгерістерін қабылдағысы келмей отырған ұжымдар да бар болып шықты. Нақтырақ айтсақ, 37 мекеме өзгерістер бойынша жұмыс жүргізуді құп көрсе, 15 мекеме өзгерістерді қабылдаудан бас тартқан. Асқар Мырзахметов біріңғай тәртіпке көнбегендермен басқаша сөйлесу керектігін айтты. Ол үшін арнайы «Қара тізім» құрудың қажеттілігін алға тартты. Себебі, осы уақытқа дейін жер пайдаланушылардың қоршаған ортаға тигізіп отырған зияны жөнінде нақты талдау болмаған. Ол ендігі жерде жасалып жатыр.

Жиында қадағалаушы органдардың басшылары да сөз алып, жыл басынан бері жер пайдалану саласында орын алған заңбұзушылықтарды да атап өтті. Мәселен: өңірде 30- гектардан астап жерді заңсыз қазып отырған 34- карьердің жұмысы белгілі болған. Бұдан басқа да толып жатқан заңбұзушылық фактілері тіркелді. Облыс басшысы көтерілген мәселелер бойынша алдағы уақытта арнайы жиын өтіп, жоғарыдағы заңсыздыққа жол берген жауапты басшыларға қатаң шаралар қолданылатындығын атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom