ҚАЛА КҮНІНДЕ "ЖЕҢІС САЯБАҒЫ" ҚАЙТА АШЫЛДЫ

Фоторепортаж
29.10.2018, 22:22

Таразда қала күні қарсаңында біршама объектілердің ашылғаны белгілі.

Солардың бірі және бірегейі қайта жөндеуден өткізіліп, халық игілігіне ұсынылған

Б. Момышұлы атындағы "Жеңіс" саябағы.

Бауыржан Момышұлы ескерткішін айнала өңірден шыққан Батырларға ескерткіш тақталар орналасқан.

Аймақтан шыққан соғыс ардагерлерінің ұрпақтары енді Жеңіс саябағында орналасқан ескерткіш тақталарынан өздерінің аталарын таба алады. Қыш тақталарға ойылып жазылған есімдер ұзақ жылдар бойы сақталары анық.

Келушілерге танысу үшін соғыс жылдарында қолданылған ауыр техникалар қойылған.

Саябақ аумағында Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне де ескерткіштер қойылған. Солардың бірі соғыс техникасында отырған жауынгерлер ескерткіші.

Саябаққа келушілер назарына жауынгерлігі бір төбе, жазушылығы бір төбе Бауыржан батырдың нақыл сөздері жазылған тақталар да қойылған.

Соғыс жылдары туралы әңгіме қозғалғанда, майдандағы батырлармен  қатар тыл ардагерлерін де атап өту керек. "Барлығы майдан үшін"

деген ұранмен қызмет жасаған тыл ардагерлеріне арнайы қойылған ескерткіште Жамбыл облысына қатысты ақпарат та жазылған.

Жаздыгүні саябаққа келушілерге салқын леп сыйлау мақсатында саябақ төрінде субұрқақ қойылған.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom