Кірістер жоспарын орындау бойынша Жамбыл облысы басқа облыстармен салыстырғанда, 4 көрсеткішті көрсетіп отыр. Бұл жөнінде Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева мәлімдеді. Оның айтуынша, бюджеттің кіріс бөлігі, яғни, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Қаржы басқармасы қызметінің негізгі мақсаттары: бірінші, бюджеттік жүйесінің ұзақ мерзімді теңгерімділігін және орнықтылығын қамтамасыз ету; екінші, облыстық коммуналдық меншікті басқаруды ұйымдастыру. Облыстық бюджеттің теңгерімділігі - бюджеттік кірістердің қажетті көлемін өз кезегінде қаржы басқармасы тарапынан салықтардың түсімдеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізу арқылы, сондай-ақ бюджеттік үдерістің барлық қатысушыларының іс-әрекетін үйлестіру арқылы қол жеткізілетіндігі түсінікті.
Роза Әбдірқызының айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айдың көлемінде облыстық бюджеттің кіріс бөлігі, трансферттермен қоса есептегенде 101,9 %-ға, оның ішінде өз кірістері 109,4 %-ға орындалды. Бюджетке 206,6 млрд. теңге сомасында кірістер түсіп, оның ішінде меншікті кірістер сомасы 45,5 млрд. теңгені құрады.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, меншікті кірістердің өсімі 113,3 %-ға қамтамасыз етілді немесе жоспардан артық 5,4 млрд. теңге түсті. Меншікті кірістер жылдан жылға артып келеді. Жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту бойынша жергілікті өзін-өзі басқару, салық және басқа да органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру тетіктерінің бірі – облыс бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Өзара іс-қимыл жоспары. Ең алдымен, жоспар жер учаскелерінің және басқа да жылжымайтын мүліктердің меншік иелерін анықтап, оларды салық төлеуге тартуды, жеке тұлғалардың мүлік, жер учаскелеріне меншік құқықтарын рәсімдеулеріне жәрдемдесуді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын, сондай-ақ белгіленген мерзімде игерілмеген жер учаскелерін анықтауды көздеп отыр. Мұндай жер учаскелерінің иелері қолданыстағы салық заңнамасының нормаларына сәйкес, салықтарын жоғарылатылған мөлшерде тиісті жергілікті бюджеттерге төлеуге тиісті болады. 2017 жылы облыс бойынша жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жалпы алаңы 13 721,4 га құрайтын 126 жер учаскелері анықталған, оның ішінде: Шу ауданы бойынша – 42, Байзақ ауданы бойынша – 36, Қордай ауданы бойынша – 11, Меркі ауданы бойынша – 11. Аталған бұзушылықтар бойынша 2 млн. теңгеге жуық сома да қосымша салықтық есептіліктер тапсырылған.
Жергілікті бюджетке түсетін мүлік, жер, көлік салықтарын және осы салықтар бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар, жол жүру ережелерін бұзу фактілері бойынша салынған айыппұлдарды әкімшілендіруді арттыру мақсатында «Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру» ақпараттық жүйесі сатып алынып, қолданысқа енгізілді. Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, ақпараттық жүйе аумақтың салықтық базасын болжаммен 500,0 млн. теңгеге арттырылуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттің салық базасын кеңейту мақсатында еліміздің басқа аумақтарында тіркеліп, облыстың аумағында пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын 15 ірі жер қойнауын пайдаланушылармен кездесулер ұйымдастырылып, келіссөздер жүргізілген болатын.
Өздеріңізге белгілі, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ауылдық округтерде дербес бюджеттер енгізілген болатын, бұл, сәйкесінше бюджеттік үдерісті басқаруда және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде дербестікті қамтамасыз етеді. Жамбыл облысында барлығы 156 ауылдық округ болса, халық саны 2000-нан асатын 114-інде ауылдық округ әкімдерінің бюджеттері енгізілген. Ақша қаражатын басқарудағы дербестік жақсы ынталандыру болып табылады. 2018 жылдың 10 айында ауылдық округтер әкімдерімен 1,9 млрд. теңге сомасында меншікті кірістер қамтамасыз етілді немесе жоспар 128,4 %-ға орындалып, 428,3 млн. теңге жоспардан артығымен түскен. Әрине, бұл көрсеткішке бірден қол жеткізілген жоқ, бұған айтарлықтай дайындық жұмыстары жүргізілді, ауылдық округтер әкімдіктерінің қызметкерлері оқытылып, қайта даярлаудан өткізілді. Салық түсімдерінің оң динамикасы және сәйкесінше әлеуметтік салаға және өңірлерді дамытуға бөлінетін қаражаттар көлемінің өсуі, сайып келгенде, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруге ықпал ететін болады. Мемлекет басшысы әрдайым бөлінген қаражаттарды тиімді пайдалануға, әкімшілік шығыстар мен мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұстауға арналған шығыстар көлемін азайтуға назар бөліп келеді. Осыған байланысты, бүгінгі таңда ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың да, олардың штаттық сандарын да оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, функциялардың қайталануы алынып тасталуда, мемлекеттік органдардың тиімді құрылымдарын қалыптастыру, мемлекеттік қызметкерлердің санын оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекетке тиесілі мемлекеттік пакет акцияларына, қатысу үлестеріне уәкілетті орган ретінде коммуналдық меншікті басқару бойынша, сонымен қатар тиімділігін басқару мен жұмыстарына мониторинг жүргізеді.