КЕҢЕС АУЫЛЫНДА СУ ЖАҢА СУ ҚҰБЫРЫ ЖЕЛІСІ ҚОСЫЛДЫ

Жамбыл облысы
02.12.2018, 17:09

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауы –елімізде ұлт саулығының ең маңызды басымдық екенін көрсетіп берді. Преезидентіміз: «Ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы...

Келесі жылдан бастап Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті жұмысын бастауға тиіс... Оның қызметі, ең бастысы, азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, ауыз суға, балалар тауарына, медициналық қызмет көрсетуге сараптама жүргізуді қамтитын болады...

Халыққа сапалы әлеуметтік қызмет көрсету ісі тұрғын үй жағдайын жақсарту, еліміздегі кез келген елді мекенде жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру сипатындағы мол мүмкіндіктермен үйлесімді түрде толыға түсуге тиіс...»  деп барлық саралап, халықтың өмір сүру жағдайына ерекше назар аудару қажеттігін Үкіметке баса тапсырды. Жолдауда, атап өтілгендей, ауыз су мен сумен жабдықтау имаратын салу, құбырларын тарту ісі әлі де болса республикамыздың түкпір-түкпірінде толықтай шешілмей келе жатқан түйткілді мәселенің бірі. Жамбыл облысында да тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету ісі маңызды басымды шаралар қатарында және оны шешу кезең-кезеңге қойылған. Міне, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Байзақ ауданында осындай шараның бірі сәтті орындалды.

Аудан көлемінде, оның ішінде, ауылдық eлдімекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша соңғы екі-үш жылда бірқатар ауылға су құбырлары мен су беру имараттарының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілгені белгілі.

Бүгін Кеңес ауылында жаңа су қабылдау имараты мен су құбыры желісінің құрылысы аяқталды. Өткен жылдың қараша айында басталған құрылыс белгіленген мерзімде бітіріп, ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз еткен “Импульс ЛТД” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болатын. Жүз тоқсан метрге жуық тереңдіктен тартылып, бактерицидті тазалағыш, механикалық фильтрация және ультрафиолетті залалсыздандыру тәрізді үш сатылы тазалағыштан өтетін ауыз су енді, ауыл ішінде орнатылған су тарату нүктелері арқылы халыққа жеткізіледі. Бүгінгі таңда, екі мыңнан астам тұрғыны бар Кеңес ауылында мектеп, дәрігерлік амбулатория, балабақша сияқты әлеуметтік нысандарға және 378 үйге су тартылды.

Ауылдағы таза су құбырының ашылу салтанатында аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев пен Көптерек ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекжасар Ермаханбетов құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарды мереке күнмен құттықтады, игілікке берілген су желісі құрылысы үшін рахмет жаудырды. Аудан басшысы өңірде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың бірі – бүгінгі ел игілігіне ұсынылған су қабылдау имараты мен су құбыры желісінің құрылыс нысаны екендігін жеткізді.

Нысанның лентасы салтанатты түрде қиылып, шашу шашылды.

Сұхбат

PhotoRoom