Шымкент: «Бадам» тұрғын үй алабының коммуналды проблемасы толығымен шешіледі деп жоспарлануда

Рейтинг
10.01.2020, 11:41

ҚР Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров сенаторлар Айгүл Қапбарова мен Нұрлан Бекназаровтар Шымкентке жасаған жұмыс сапары барысында «Бадам» (195-орам) тұрғын үй алабының инженерлік инфрақұрылым жағдайымен танысты.

Қазіргі таңда бұл тұрғын алабта 3 мыңнан астам халық тұрады. Оларға сапалы ауыз су мен электр жүйесін тарту және көгілдір отынмен қамту үшін мемлекет қазынасынан қаржы қаралып, бөлінген. Жыл соңына дейін «Бадам» тұрғын үй алабының коммуналды проблемасы толығымен шешіледі деп жоспарлануда.

Б.БЕКНАЗАРОВ:«Біздің міндетіміз – түйіні шешілмей жатқан жұмыстарды үйлестіруге көмектесу. Әрбір министрге немесе Үкімет басшысына депутаттық сауал қойып, мәселелерді жеткізіп отыру. Егер проблема созылып, өңірдің дамуы тежеліп жатса, соған жауапты министрлерді Парламентке шақырып, солардың түсінігін тыңдап, мәселенің шешу жолын қабылдау. Бұл жұмыстардың барлығы тек халық үшін»

Сұхбат

PhotoRoom