МАҚСАТ – ХАЛЫҚҚА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Рейтинг
11.01.2020, 09:45

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының жұмысымен танысты.

Жақында ашылған үшінші мамандандырылған және №1 Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арнайы барған Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Байгулов тұрғындармен тілдесіп, азаматтардың ой-пікірлерін білді.

Үшінші мамандандырылған ХҚКО басшысының айтуынша мұнда көлік иелері автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәліктерін ауыстыра алады. Мамандар күніне 500-ден астам қызмет көрсетуде.

Ал, №1 Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрғындар бірқатар шағымдарын білдіріп, дер кезінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін құқықтық көмек сапасын арттырып, келушілерге жағдай жасауды ұйымдастыру қажеттігі айтылды.

 

 

 

 

 

 

a

ИНТЕРВЬЮ

PhotoRoom