ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ӨКІЛДЕРІ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДА ҰСТАУ ШАРТТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Рейтинг
06.02.2020, 10:21
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ӨКІЛДЕРІ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДА ҰСТАУ ШАРТТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы негізгі басымдықтардың бірі превенция,  яғни сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.

Осы мақсатта, бүгін "Шымкент-адалдық алаңы" жобасы аясында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының қызметкерлері Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/11 (тергеу изоляторы) мекемесіне барып, онда қамаудағыларды ұстау шарттарымен танысты.

Аталған шара Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қалалық  Қылмыстық-атқару жүйесі  департаментімен (ҚАЖ) бірлесе ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған салалар әлеуметтік маңызы бар, халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын салалардың бірі болып табылады.

Олар шенеуніктерді түрмеде тоғытудан ұзақ мерзімді нәтиже болмайтынына сенімді. Сондықтан бірлескен шаралар арқылы мемлекеттік қызметкерлердің санасын өзгертіп, сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру қажет.

Шара барысында қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері қатысушыларды ұстау орындарындағы режиммен таныстырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері аталған шара мемлекеттік қызметшілердің ойланып, әркім өзінің қолындағы бар нәрсені, еркіндігін, отбасын, үйін, жұмысын бағалай білуіне септігін тигізетіндігіне сенім білдіреді.

Жалпы тергеу изоляторында ұстау шарттарымен бүгінгі таңда 300-ден астам мемлекеттік мекемелер қызметкерлері таныстырылды.

 

Сұхбат

PhotoRoom