ШЫМКЕНТ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕСІНДЕ ӨЗЕН БОЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН КАРЬЕРЛЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПҚАН

Рейтинг
20.02.2020, 19:38

Экологиялық бақылау нәтижесінде біршама экологиялық мәселелер шешімін тауып, қоршаған ортаға оң әсерін тигізді.

Атап айтқанда, Сайрамсу өзені бойындағы «Наурыз-25», «Фируз» ЖШС-нің, Бадам өзеніндегі «Н.А.Тулеметов» жеке кәсіпкерінің құм-тас карьерлерінде тас майдалау қондырғысынан шыққан өндірістік суларды өзенге және жер бедеріне рұқсатсыз тастау деректері анықталып, әкімшілік айыппұлдар салынды.

Қоршаған ортаға келтірілген экономикалық залал «Наурыз-25» ЖШС-гі бойынша 72,2 млн, «Фируз» ЖШС-гі бойынша 52,6 млн. және Н.А.Тулеметов» ЖК бойынша 6,3 млн теңге құрап, өндіруге сотқа талап арыздар жолданды.

Тоғыс елді мекеніндегі тұрмыстық ағынды сулардың Бадам өзеніне төгілу дерегі бойынша Шымкент қ. энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына әкімшілік айыппұл салынып, 21,8 млн теңгені қоршаған ортаға келтірілген экономикалық залал өндірілген.

Сұхбат

PhotoRoom