ШЫМКЕНТ: ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫН ҰЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БИЫЛ АЯҚТАЛАДЫ

Рейтинг
20.02.2020, 13:49
ШЫМКЕНТ: ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫН ҰЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БИЫЛ АЯҚТАЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірнеше құрылыс нысандарын аралап көрді. Шымкенттегі Қонаев даңғылын ұзарту жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Биыл бұл жұмысты жалғастыру үшін қазынадан 269,580 млн.теңге қарастырылды.

Көшенің ұзындығы 58 шақырымды құрамақ. Ал, ені 6 жолақты 23 м болады деп жоспарлануда.

«ОтауСтрой» ЖШС-і қолға алған бұл жоба жыл соңы желтоқсан айында аяқталмақ. Мәдени қаладағы Қонаев гүлзары Түркістан көшесінен Темір жолға дейін жалғасады.

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы

Фото:Б.Сейітжаппар

Сұхбат

PhotoRoom