ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Рейтинг
26.02.2020, 05:50
ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Бүгін Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында қалалық ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі М.Жақсибаевтың қатысуымен газдан уланудың алдын алу және қала аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары бойынша брифинг өтті.

Спикердің айтуынша, жылыту маусымы басталғалы тұрғын секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улы газдан уланудың алдын алу мақсатында қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қала және аудан әкімдігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлерімен, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен бірлесіп жылыту маусымында газдан уланудың алдын алу бойынша жадынама парақшалары таратылып, паркингтерде түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы

Сұхбат

PhotoRoom