ШЫМКЕНТТЕ «САПАЛЫ ЖОЛ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Рейтинг
27.02.2020, 14:00

Жол құрылысы сапасын қамтамасыз ету және осы салада жемқорлыққа жол бермеу мақсатында "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп «САПАЛЫ ЖОЛ» жобасы жүзеге асырылуда.

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің міндеті қоғаммен бірлесіп жол құрылысына тұрақты мониторинг жүргізу, кемшіліктер анықталған жағдайда тиісті актілер жасау және оларды өнім берушіге жіберу.

Осы жоба іске асырылған сәттен бастап (2019 жылғы маусым) 72 бұзушылық анықталды, оның 68-і мердігерлік ұйымдармен жойылды.

Анықтама: «Қорғас-Алматы-Шымкент» автомобиль жолының, Бадам өзені арқылы өтетін Оңтүстік айналма автожолы, Қазығұрт ауданында, Самал-3 мөлтек ауданындағы Мұғалжар және Жәнібек хан көшелерінің құрылысы сапасына мониторинг жүргізілді.

Сұхбат

PhotoRoom