ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Рейтинг
27.02.2020, 14:15

Бүгін Кентау қаласына арнайы барған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Көшқалиев Хаким Дүйсешұлы тұрғындар арасында жеке қабылдау өткізді.

Халықтың үніне құлақ

түрілген жеке қабылдауға аудан және елді - мекендерден 5 тұрғын қатысып, көкейде жүрген бірқатар сауалдарын қойды.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың басым көпшілігі жұмыспен қамту, жайылым жер, тұрғын үй мәселелеріне қатысты болды.

Кентау қаласының азаматтары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өз талап-тілектерін білдіріп,

бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Хаким Дүйсешұлы жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарын мұқият тыңдап, заң шеңберінде түсіндірмелер берді.

Сондай-ақ, кеңес беруде үнемі ашық екенін білдіріп, "Facebook" әлеуметтік желісі арқылы ұсыныс-пікірлерімен бөлісуге болатынын жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom