Жақында елімізде бейбіт митингті заңдастырады деген мәліметті көзім шалған еді. Мұның өзі демократияға бір адым жақындағанымыздың нышаны деп білемін. Дегенмен, барлығы заң аясында, бейбіт түрде шешімін тапса нұр үстіне нұр емес пе?!
Тепсе темір үзетін жігіттеріміз кім не десе, соны ұран тұтып, бейбіт күні бүлік шығарып жатқаны абырой емес. Өзге елде отырып елге іріткі салғысы келетіндерге «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» қасқайып қарсы тұрудың орнына, іштен шыққан жау жаман демекші, өз арамыздан жаман ниеттілердің сойылын соққанына ашынамын.
«Тәптіпке бағынған, құл болмайды» дейді дана халқымыз. Митингті ұйымдастыру дегеніміз тек халықты алаңға шығарумен аяқталмайды ғой. Қарапайым халықтың атынан белгілі көшбасшылар сайлап, үкіметке өз көзқарастарын білдіру арқылы ортақ шешімге келеді емес пе? Алаңға шыққан азаматтардың қауіпсіздігіне, ешқандай зардап шекпейтініне көз жеткізіп алған жөн. Сонда ғана, елдің мүддесі дұрыс қорғалады деп ойлаймын.
Күшіміз - бірлікте, ағайын! Осыны ұмытпайық!