ШЫМКЕНТТЕ БЮДЖЕТ САЯСАТЫНЫҢ АШЫҚТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Рейтинг
12.03.2020, 17:05

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Ашық бюджеттердің интерактивті картасының» жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік мекемелердің қызметшілерімен семинар-кеңес өткізді.

Іс-шараға төрағалық еткен Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев «Ашық бюджеттердің интерактивті картасының» маңыздылығына тоқталып, бюджеттік саясаттың ашықтығы, яғни бюджеттік үдерістің кезеңдері, құрылудан бастап жүзеге асуға дейінгі аралықтың барлығы ашық болуы керектігін айтты.

Интерактивті картаны пайдалану ұқсас объектілерге бөлінген қаражатпен танысуға және салыстыруға, олар бойынша пікірлер мен шағымдарға мониторинг жүргізуге, тәуекелдік жобаларды табуға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдерінің айтуынша, Интерактивті карта 24 сағат бойы қолжетімді, егер қандай да бір сәйкессіздіктер байқалса, кез келген адам тиісті суреттер мен бейнематериалдарды тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлай алады.

Жиын барысында Интерактивті картадағы жеке кабинеттерге мониторинг жүргізу барысы бойынша кеңінен ақпарат беріліп, мемлекеттік мекемелер тарапынан орын алған кемшгіліктер, оның алдын алу жолдары түсіндірілді.

Айта кетейік, Интерактивті картаны пайдалану аясында Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шымкент қаласы әкімді арасында 2019 жылдың 10 шілдесінде өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу туралы келісім түзілген.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom