ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКАЛАР ШЫҒАРЫЛА БАСТАДЫ

Рейтинг
18.03.2020, 00:45

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтің тапсырмасы бойынша қаладағы бірнеше тігін кәсіпорындары бүгіннен бастап медициналық маскаларды тігуді бастады. Солардың бірі - "Гауһар" тігін фабрикасы. Аталмыш фабриканың жұмысымен бүгін шаһар басшысы арнайы келіп танысты.

Мұнда 450 қызметкер күніне 500 мың масканы тігуге мүмкіндігі бар. Осылайша қала тұрғындарының сұранысы толық қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, маскалардың бағасы тұрақты бағамен сатылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom