Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

Рейтинг
18.03.2020, 10:38

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Елорда мен Алматы аумағында 2020 жылғы 19 наурызда сағат 00:00-ден бастап карантиндік режим енгізілді.

Екі қалада карантин енгізілуіне байланысты кіріп-шығуға тыйым салынған.

Осыған орай, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына сапарға шықпауларыңызды сұраймыз. Ағайын-туыстарыңызға хабарлаңыздар!

Сондай-ақ, аталған қалаларда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау күшейтіліп, қосымша шектеулер енгізілген.

Атап айтқанда:

-   Қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынған;

- Екі қаланың аумағына кіре берістерде, шығуларда шектеу енгізілген;

- Кіреберістерде/шығуларда коронавирусқа күдікті адамдарды анықтау бойынша қосымша мобильді пункттер орнатылған;

-  Медициналық тексеруден және емдеуден, карантиндік режимді сақтаудан жалтарған; эпидемиологиялық жағдайды анықтау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарды бақылау күшейтілген;

- Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіреберістерде блок бекеттері орнатылып, тексеру күшейтілген;

Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз, елдің қауіпсіздігі!

 

 

Сұхбат

PhotoRoom